1920 жылы Редутта 2 кластық орыс және қазақ мектебі ашылған.

1931 жылдан бастап, Редут бастауыш мектебі  7 жылдық орыс – қазақ мектебі болып үлкейтілді. Қазақ сыныптарына Келімбетов Дүйсенбай, бастауыш сыныптарда Тыншымов Рахметолла алғаш ұстаздық қызмет атқарған. Тыншымов Рахметолла жазықсыз жаламен 1937 жылы 25 жылға жер аударылған. 1933 жылдары осы мектептің директоры болып Тағамбаев Теміржан қызмет атқарған. Ол Ұлы Отан соғысында Балтық бойында қаза тапқан. Сол жылдары Редут жеті жылдық мектебінің қазақ сыныптарына білім берген ұстаздар: Елеубаев (математикадан), Мұғзиев (жаратылыстану), Қаржауов Нығмет (орыс тілі, әдебиет), Бисалиева Ағибаш (қазақ тілі, әдебиет), Төлепов (аты-жөні белгісіз) тарих, Дәрбісалин Кенжеғали (орыс тілі, әдебиет), Драфей Фадеевич оқу ісінің орынбасары, Харкина Евгения Павловна, Ермакова Мария Гавриловна, Рузаев Степан, Илина Лидия Григорьевна, Ғабдиев Мұғзи  (Ұлы Отан соғысында қаза тапқан).   


1938-1942 жылдары Редут жеті жылдық мектебінде Харкин Михаил Филлипович  директорлық қызмет атқарды. Михаил  Филлипович Харкин 1884 жылы 22 қарашада Орал облысының Круглый поселкесінде шаруа семьясында дүниеге келген. Ол өмірінің 50 жылын халық ағарту ісіне арнады. 1918 жылдан СОКП мүшесі.М.Ф. Харкин Орал облысында Кеңес үкіметін орнатуға белсене араласып, 1921 жылғы Киселев бандаларына қарсы күресіп, ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға қатысты. Халық ағарту саласындағы еңбегі үшін 1937 жылы «Қазақстанның 15 жылдығы» значогімен, 1938 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. М.Ф. Харкин халық ағарту ісіне зор үлес қосты. М.Ф.Харкин 1952 жылы 19 қыркүйекте қайтыс болды.


1942- 1943 жылға дейін Илина Лидия Григорьевна мектеп директоры қызметін атқарып, 1944 жылдан бастап облыстық комсомол комитетіне жұмысқа ауысқан.


1946-1947 жылдары мектеп директоры болып соғыстан жараланып келген Жексенов Дүйсенғали жұмыс жасады. Жексенов Дүйсенғали мектепті бір жүйеге жинап, бұзылған үйлердің тастарынан мектеп үйін тұрғызды.


1949-1967 жылдары мектеп директорлары: Жексенов Құлмағанбет,


1951 жылы Қашаубаев Темірғали,1952 жылы Тұрдығұлов Мәжит,1952-1953 жылдары Шакшиева Қайша,1953-1962 жылдар аралығында Сұлтанғалиев Жеңіс қызмет атқарды. Осы жылдары Редут жеті жылдық мектебінде Молдаева Бибіш бастауыш сынып,Ревкова Наталья орыс тілі,Зайцева Валентина Семеновна, Үмбетов Ізбасар еңбек етсе, «Қызыл ту» колхозындағы 4 сыныптық бастауыш мектепке сабақ берген ұстаздар Юсупов Қариполла,Қарамолдин Ұзақбай және т.б.


1962 жылы Редут сегіз жылдық мектебі болып атала бастады.Мектеп үйі Шампалов Фелордың (орыс көпесі) ағаштан тұрғызылған үйіне көшірілді.


1962-1967 жылдары Есмағанбетов Наил директор болды. 1946 жылы тұрғын үй жобасымен салынған мектепке екі сынып бөлмесін қосып, барлығы 4 сынып бөлмесі жұмыс жасады. Мектепке пәндер бойынша мамандар жинақталып, сабақ бере бастады.Ол мұғалімдер: 1962 жылдан 1986 жылға дейін завуч болған Такушев Тұрғали мамандығы математик, Құрманғалиев Көбен тарих,Сарекенов Ізтелеу химия-биология,Бисенова Қарлығаш бастауыш сынып,Баймұқанова Нұрзиба бастауыш сынып,Оңдағанов Мақсот қазақ тілі,Шығанақов Арон бастауыш сынып,Нұрпейісова Карима бастауыш сынып,Құспанғалиев Қалидолла дене тәрбиесі,Жауынбаева Нұрзила бастауыш сынып,Оңашев Сүлеймен қосымша сыныптар,Боқышев Қабдол орыс тілі, Калимова Жамила неміс тілі.


1967-1970 жылдары Некесов Ислам,1970-1972 жылдары Бегімбаев Сабыржан мектеп директоры болып қызмет етті.      


1972-1986 жылдар аралығында  мектепке Боқышев Қабдол басшылық етті.1975 жылы 4 сыныптық мектеп құрылыс үйінің ірге тасы қаланып,


1976 жылы екінші 4 сыныптық ғимарат салынды,1986 жылы мектеп алды дайындық тобының ашылуына байланысты  4 бөлмелі тұрғын үй есебімен салынған ғимарат пайдалануға берілді.Мектеп жас мамандармен толықты.Қошпанов Жанахмет физика пәнінен, мектеп түлектері Сүндетова Жамал математика пәнінен,Оңдағанова Гүлнар бастауыш сынып және Қазиев Қылышбай физика,Шуақбаева Маржан орыс тілі,Қадірғалиева Камшат бастауыш,Жаманова Шолпан бастауыш,1985 жылдан бастап осы мектептен білім алған шәкірттер Сарекенов Нұрлыбек дене шынықтыру пәні, Аманова Қаншайым тарих пәнінен,Дюсқалиева Алмагүл бастауыш сыныптан дәріс бере бастады.


1986-1990 жылдарға дейін Сүндетова Жамал мектеп директоры ,1990 жылдан бастап мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1986 жылдардан бастап ардагер ұстаздар зейнеткерлікке шығып, мектеп жас мамандармен толықтырылды.Олар: Сұлтанова Айсұлу химия-биология,Светланна бастауыш, Ғабдиева Гүлсім орыс тілі.


1990-1999 жылдар аралығында Қошпанов Жанахмет мектеп директоры қызметін атқарды.Мектеп орталау мектеп деп аталды.Мектеп ұжымы ағылшын тілінен Сырлыбаева Айсұлу,бастауыш сыныптан Қабипова Зауреш,математика пәнінен Төлекенова Тойған сияқты ұстаздармен толықты.Мектепте 19 мұғалім мамандығы бойынша жұмыс жасады.


1999 жылдан бері мектеп директоры  Қазиев Қылышбай,оқу ісінің меңгерушісі Қонысова Сандуғаш ұжыммен бірге оқу мен тәрбие саласындағы жетістіктер үшін еңбек етуде.


2001 жылдан бастап Редут негізгі мектебі орта мектеп болып құрылды.


2003 жылы алғашқы түлектерін ұшыра бастады.


2004 жылдан бастап мектеп түлектері ҰБТ тапсыра бастады.


2006 жылдан бастап Редут орта мектебі Талдыкөл орта мектебі деп атала бастады.


2007 жылғы түлектер ҰБТ қорытындысы бойынша 100%  көрсеткіш  көрсетіп,бір оқушы Мұқанова Шынар «Алтын белгіні» қорғап шықты.


2010 жылы ауылымызда 250 орындық «100 мектеп,  100 аурухана»   мемлекеттік бағдарламасы  бойынша  жаңа үлгідегі мектеп салынды.


2012 жылдан бастап мектеп жанынан 50 орындық балабақша ашылып, Талдыкөл мектеп-балабақша кешені деп атала бастады. 


2014-2016 оқу жылдарында мектеп түлектері ҰБТ- ден 100% үлгеріммен аяқтап аудан бойынша 1 орын иеленіп келді.2016 жылғы мектеп түлегі Маханова Анар «Үздік аттестат» иегері атанды.Сонымен қатар жеке пәндерден ҰБТ қорытындысы бойынша 100% сапамен білім мәресіне жеткен пәндер: Қазақстан тарихы мен Қазақ тілі пәндері.Пән мұғалімдері:Қ.Аманова,З.Қайырлиева.


Мектепте 42 ұстаз дәріс беріп,330 оқушы білім алуда.Ұстаздардың 6 жоғары санатта, 10 бірінші, 12 екінші, 14 мұғалім санатында. Мектептегі «Өркен»  шығармашылық тобы мен жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған «Шұғыла» шығармашылық тобы   мұғалімдердің кəсіби өсуіне, тәжірибе бөлісуі мен сапалы  білім жүйесін дамытуда жетістіктерге қол жеткізуде.

 

 

 

 

Талдыкөл мектеп – балабақша кешені ғимараты