Қызмет еткен жылдары:  1938 -1942 ж.ж 

 

 

Харкин Михаил Филлипович  (1884-1952 ж.)

1938-1942 жылдары Редут жеті жылдық мектебінде директорлық қызмет атқарды.1918 жылдан КОКП мүшесі.М.Ф. Харкин Орал облысында Кеңес үкіметін орнатуға белсене араласып, 1921 жылғы Киселев бандаларына қарсы күресіп, ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға қатысты. Халық ағарту саласындағы еңбегі үшін 1937 жылы «Қазақстанның 15 жылдығы» значогімен, 1938 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

 


Қызмет еткен жылдары:  1962 -1965 ж.ж 

 

 

Есмағанбетов Найл

 (1933-1985ж.)

1950 жылы Гурьев педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиет факультетін бітірген.Алға мектебінде мұғалім болып,1958-1962 жылдар аралығында Балықшы аудандық білім бөлімінде инспектор болып қызмет жасады.

1962-1965 жылдары Редут сегіз жылдық мектебіне директор болып қызмет атқарды.

 

Қызмет еткен жылдары:  1965 - 1970 ж.ж

 

 

Некесов Ислам (1932-1970 ж.)

Орал педагогикалық институтының химия- биология факультетін бітіріп, Бақсайдағы балалар үйінің завучы болып жұмыс жасаған.

1965-1970 жылдары Редут сегіз жылдық мектебінің директоры  қызметін атқарды.        

 

Қызмет еткен жылдары: 1973-1986 ж.ж.

 

 

      Боқышев Қабдол

      (1937-1986 жж).

1946-1953 жылдары Редут жеті жылдық мектебін бітіріп,Гурьев қаласынан 10 жылдық білім алып, Гурьев педагогика институтының филология факультетін 1961 жылы бітіріп,ұстаздық еңбек жолын өзі білім алған Редут сегіз жылдық мектебінде орыс тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беруден бастады.

1973 жылдан өмірінің соңғы жылы1986 жылға дейін Редут сегіз жылдық мектебінде директорлық қызмет атқарды.

 

Қызмет еткен жылдары:  1986-1990 ж.ж.

 

 

Сүндетова Жамал Молдашқызы

(1956-2012)

1979 жылы Гурьев педаогика институтының физика математика мамандығымен, өзі білім алған Редут сегіз жылдық мектебіне орналасты.

1986190 жылдары  мектептің директоры,1990-1992 жылдар аралығында оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1992 жылдан өмірінің соңына дейін Д.Төленов атындағы мектеп- гимназиясында мұғалім,кейін оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Қ Р «Құрмет грамотасы», «ҚР Білім  беру ісінің   үздігі»төсбелгісімен  марапатталды.             

 

 

Қызмет еткен жылдары:  1990-1999 ж.ж

 

 

  Қошпанов Жанахмет Құрмашұлы

 

1975 жылы Гурьев педагогика институтының физика математика факультетін бітіріп,ұстаздық еңбек жолын Редут сегіз жылдық мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастады.1986 жылдан бастап мектептің оқу ісінің меңгерушісі, 1990-1999 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды.Білім саласындағы еңбегі үшін облыстық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

 

Қызмет еткен жылдары:  1999 ж. бастап

 

 

 

Қазиев Қылышбай Кенжеғалиұлы

Гурьев педагогикалық институтынан физика пәнінің мұғалімі  мамандығын алды.1980 жылы Редут  мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болып орналасып, 1992-1999 жыл оқу ісінің меңгерушісі, 1999 жылдан бастап Редут орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.

 «Табысты мектеп басшысы» клубының мүшесі, облыстың «Құрмет грамотасымен», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»  медалімен,  «Үздік менеджер»,   ҚР-ының «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ   ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен  марапатталды..